Kyzylorda-news.kz Жуырда Байқоңыр қаласындағы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде қоғамда жастар арасында белең алып бара жатырған өзекті мәселелер «Кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылық пен топтық қылмыс және жауапкершілік», «Заманауи синтетикалық есірткілердің, дәріханалық нашақорлық белсенді заттардың заңсыз айналымы» тақырыптары аясында сала маманымен кездесу өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ерлан Баймаганбетов қатысты.

Академик колледжде Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасының психолог-дәрігері Әзима Кенжеәлиева қатысуымен «Буллиенгтен қалай қорғану керек?» тақырыбында колледж білімгерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Шараның мақсаты студент тұлғасы мен оның мінез-құлқы туралы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыра отырып, студенттерді «қорқыту» түсінігімен, қуғындаушы және қуғын-сүргін құрбанына айналатын – білім алушылардың назарын қазіргі қоғамдағы мәселелерге аудару. Жиын барысында Әзима Жеткергенқызы «Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (студент) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайтынын айтып өтті. 
 

Тағы да оқыңыз: