Kyzylorda-news.kz «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде қоғамдық жастар арасында белең алып бара жатырған өзекті мәселелер «Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүкітіліктің алдын-алу, жазғы демалыс уақытында қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау туралы, қылмыстық жауапкершілік» туралы студенттерге сала маманымен кездесу өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты - жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасауға бағытталды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ерлан Баймаганбетов қатысып, студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар топтық төбелестің зардаптары турасында сөз қозғады.

Мұнан өзге құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспарына сай колледждің 12 білімгері «Өз көзіңмен көр» жасөспірімдер қылмысының алдын алу іс-шарасы негізінде құқық қорғау органдарының жұмыс орындарымен танысып қайтты. Жиын барысында сала мамандары студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

 

Тағы да оқыңыз: