Kyzylorda-news.kz.Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Түркияның Мерсин қаласында Унифайттан жеңіске жеткен Әлем кубогі иегері Азамат Құмаровты қжеке қабылдады. Жігерлі жастың жеңісімен құттықтап, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар Байқоңырдың мерейін асқақтатқан чемпионды тәрбиелеген ата-анасына да құрмет көрсетілді.

Тәуелсіз еліміздің көк байрағын әлемдік аренада желбіреткен және Байқоңыр қаласын танымал етуге елеулі үлес қосқан жас чемпионға қазақстандық спорт шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратынына және бұл жеңістің өскелең буынның спортқа құлшынысын арттыратынына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Азамат Жарасқанұлы 2006 жылы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда № 273 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Жас спортшы кішкентай кезінен спортқа қызығып, 9 жасында Байқоңыр қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданған.

Азамат Қырғыстанның Ыстықкөл қаласында өткен жылдың мамыр айында өткен Азия біріншілігінің 1 орын иегері атанса, тамыз айында өткен Унифайттан ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогының 1 орын қанжығасына байлаған. Сонымен қатар өткен жылдың қараша айында Грузияның Тбилиси қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, осы жылдың мамыр айында Түркияның, Мерсин қаласында өткен Әлем кубогінің иегері атанып отыр.

Тағы да оқыңыз: