Kyzylorda-news.kz. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне байланысты байқоңыр қаласындағы « Жастар ресурстық орталығы» мен облыстық  «Самғау» қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады»  атты жас отбасылар байқауы өтті.   

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасылық құндылықтардың рөлін нығайтуды, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтау.

Байқауда оған қатысушы жас отбасылар әділқазылар қойған шарртар бойынша «Менің отбасым»  өзін-өзі таныстыру, «Өнерлі жанұя» отбасылық өнер, «Жанұя бірлігінің құпиясы атты түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беру кезеңдері бойынша өзара бақ сынға түсті.Байқау барысында оған қатысушылардың бірі өлең арқылы өзі мен жанұясын таыстырса, енді бірі – қолөнер шебірлігем, ас дайындау, сонымен бірге басқа да үлгілі істерімен өнерлерін паш етті.

Қызықты да көңілді сәттерге толы болып өткен байқау нәтиижесінде І орынды «Каликеевтер» отбасы  жеңіп алса,  ІІ орынды «Таласбаевтар» отбасы, ал жүлделі ІІІ орынды «Қанибековтер» отбасы иемденді. Байқау соңында жүлдегерлер мен оған қатыфсушылар арнайы дипломдармен марапатталып, сый-құрментке бөленді.

Тағы да оқыңыз: