Байқоңыр қаласына сапары барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, партия филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңес төрағасы, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Даулет Ізбасарұлы «Будущее Байконура» жастар бастамаларын қолдау орталығының 6 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Салтанатты жиында орталықтың есепті кезеңде атқарған жұмыстары қорытындыланып, жастарды қолдау бағытындағы жетістіктері таныстырылды.
Іс-шарада «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай құттықтау сөз сөйлеп, жастар саясатын жүзеге асырудағы партияның рөліне тоқталды.
«Жастар саясатын тиімді жүзеге асыруда «AMANAT» партиясының рөлі ерекше. Осы бағытта ынтымақтастықты нығайту, кері байланысты дамыту және өзара байланысты күшейту-ортақ міндетіміз. Жастар арасындағы достық қарым-қатынасқа қолайлы ортаны қалыптастыру, халықтардың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерімен алмасу, жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүйелі түрде әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен еріктілік бағдарламаларын дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жастарды әлеуметтік мәселелерге тарту және белсенді өмірлік ұстанымды насихаттау-біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты жалғастырып, жастардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларды қолдауға дайынбыз», – деді төраға Жандос Базартай.
Өз кезегінде Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Волков және орталық басшысы Александр Радаев орталықтың өңір жастары үшін маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, орталықтың 6 жылдығына орай және әлеуметтік маңызы бар шаралар мен еріктілік бағдарламаларын жүзеге асыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу бағытында атқарылған жұмыстары үшін бірқатар белсенділер арнайы естелік медальдармен және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс» хаттарымен марапатталды.
Алдағы уақытта да Байқоңыр қаласында жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасып, жас ұрпақтың әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларға қолдау көрсетілетін болады.
