Kyzylorda-news.kz. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» атты өнерлі отбасылар фестивалі өткізілді.
Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және Қармақшы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағаласы Асқар Мереков пен аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, жергілікті зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары мен кент тұрғындары қатысты.Мемлекет мерейінің биік болуы қашанда отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Салтанатты шараға бірлігі мен берекесі жарасқан өнерлі отбасылар қатысып, өнерлерін көрсетті.
Отбасы ол – әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Біздің Сыр елінде де ғасырлар бойы ұрпақ сабақтастығы жарасымды жалғасын тауып келеді. Ел ішінде құрметке бөленген, ардақты, өнегелі отбасылар баршылық. Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл-қызының қайырымды, көпшіл болып өсуіне мән берген. Сондықтан отбасыға қатысты осындай шаралардың мәні артып келеді. Сонымен қатар, шара барысында еңбек ардагері, көпбалалы ана, іскер әйел, жас отбасыларға үлгі бола білген Шолпан Махмутованың өнегеге толы өмірі жайында тілге тиек етті.