Kyzylorda-news.kz Бүгінде еліміздің әр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталады. 

Қармақшы ауданында да аталған акцияға белсенді түрде қатысу байқалады. Іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады. «Киелі мекен» апталығы аясында Байқоңыр қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Бүгін осыған орай бүкіл ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбаевтың ескерткіші аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары барысында ескерткіштің аумағын ретке келтіру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Атап өту керек, Байқоңыр қаласында 2003 жылдың 1 маусымында Абай ескерткіші ашылып, саябақ салынған болатын. Саябақта қызыл мәрмәр тұғырға көтерілген бюст және көшпенділердің өміріндегі көріністер бейнеленген кескіндеме орналасқан.

 

Тағы да оқыңыз: