Kyzylorda-news.kz. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Байқоңыр қаласы да өз дәрежесінде атап өтті. Мерекелік іс-шарада орталық саябағы жанынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы достығы аясында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған аллеясының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мен қала тұрғындары қатысты. Алғашқы сөз тізгінін алған Қайрат Нұртай қатысушыларды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, қала тұрғындарының әлеуетін арттыруда атқарылып жатқан іргелі істердің жайына тоқталды.
«Батырлардың ерлігін ұлықтап, үлгі тұтатын шаралардың жиі өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Бүгінгі аллеяның салынуы да соның айқын дәлелі. Бұндай шаралар жастарды ерлікке баулуға өз әсерін тигізетіні анық», – деді ол. Сонымен қатар, шараға қатысушы Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен ардагерлерге де құрмет көрсетті.
Одан әрі салтанатты шараға қатысушыларға қала өнерпаздары тақырып аясында ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
