Kyzylorda-news.kz Бүгінде «Байқоңыр» ғарыш алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Байқоңыр — ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу себебі: бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы секілді факторлар ескерілген.

1957 жылдың 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері ұшырылды.

Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі болып табылады.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жеке қабылдаулар және құқық қорғау органдары басшыларымен қоғамдық қабылдаулар өтуде.

Қабылдауға келушілермен көтерілген мәселелері жіті бақылауға алынып, тиісті сала басшыларымен заң талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында 57,4 мың адам тіркелген, оның ішінде 40,6 мың (74%) Қазақстан Республикасының, 15,5 мың (27%) Ресей Федерациясының және 1,4 мың (2%) басқа мемлекеттердің азаматтары. Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 2,3% құрайды.

Бұл жерде айтып өтетін басты мәселе, қалада өндіріс орнының болмауына және кәсіпкерліктің әлсіз дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарын құруда қиындықтар тууда. Осы орайда, қалада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде көрсетіледі.

Өткен жылы тұрақты жұмыс орындарына 385 адам жұмысқа орналастырылды.2024 жыл басынан 124 адам жұмыспен қамтылды.

«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыған 50 тұрғынға 
69 млн. теңге сомасына өтеусіз грант берілді. Негізінен мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, шаштараз қызметі, шағын типография ашу, жартылай фабрикант өнімдерін дайындау және т.б. қызметтерге бөлінді.  Сондай-ақ, «Жасыл ел» жобасы аясында 2024 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында маусымдық жұмыстарға жастар қатарынан 170 адам қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасын табатын болады.

Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімдігі РФ жалға алған «Байқоңыр» кешенінің объектілерін жалдық құрамнан шығару және әлеуметтік қамсыздандыру мен кәсіпкерлік объектілерін ашу үшін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру және негізсіз көтеруге жол бермеу мақсатында жыл сайын Байқоңыр қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде. Жыл сайын Қазалы, Арал және Қармақшы аудандарының шаруа қожалықтары мен «Байқоңыр» ӘКК-ның таура өндірушілерінің ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтуде. Өнімдер нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылуда.

Білім саласына келсек, қалада 12 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 5-еуі қазақстандық білім беру стандарты бойынша жұмыс жасайды. Оқушылардың жалпы саны 8 477 оқушы. Оның ішінде Ресей Федерациясының мектептерінде 3 179 оқушы, оның ішінде 1 282 Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасы мектептерінде 5 298 оқушы оқиды.

Бұдан бөлек, қаладағы қазақстандық білім беру стандарты бойынша жұмыс жасайтын 5 мектепте жоғары сынып оқушыларына «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы», «Полицияның жас қызметкерлері» және т.б. мектеп жоспарына сәйкес үйірме, орталық жұмыстары ұйымдастырылған.

Айта кету қажет, Байқоңыр қаласының ерекше статусына байланысты туындайтын өзекті және проблемалық мәселелер «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясында қаралды.

Қазіргі таңда, Байқоңыр қаласы әкімшіліген қарасты  М.К. Янгель атындағы №7 орта мектебінде аталған пәндер факультатив ретінде оқытылуда (54 оқушы, аптасына 1 рет). Басқа мектептерге аталған пәндерді оқыту бойынша облыстық білім басқармасымен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, сәуір айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының нәтижесімен «Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша жол картасы» бекітілді. Жол картасымен жалпы 29 іс-шара бекітілген, атап айтқанда, Байқоңыр қаласы білім бөлімін ашу, балабақша, қосымша білім беру ораталығын ашу, жайлы жағдайдағы 600 орындық мектеп салу және т.б.

Қазіргі таңда, жол картасын іске асыру мақсатында құрылысы нысандарына жер телімдерін белгілеу бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының білім стандарттары бойынша 3 балабақша жұмыс жасайды, онда 685 бала тәрбиеленуде.

Қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру мақсатында 2 нысан жалдан шығарылып, нысандар негізінде облыстық білім басқармасымен 2023 жылы балабақшалар ашылды.

Балалардың жалпы саны 2972. Оның ішінде Ресей Федерациясының балабақшасында 2114 бүлдіршіндер, оның ішінде 1420 Қазақстан Республикасы азаматы, Қазақстан Республикасы балабақшасында 858 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Осы орайда, қаладағы қазақстандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 3-тен 5-ке дейін жетті. Осы нысан негізінде шілде айында 2023-2024 оқу жылдарында тағы да бір балабақша іске қосылады.

Қазақстандық стандарт бойынша білім беру ұйымдарының санын арттыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады, ағымдағы жылы жалдан шығарылған нысан негізінде балабақша ашу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекетаралық келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар қызмет көрсетеді.

2016 жылдан бастап Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы жұмыс жасайды. Мекемеде 105 стационарлық орын (күндізгі стационар – 65 орын) бар, жалпы ауруханаға42 148 тұрғын тіркелген. Оның ішінде Байқоңырда – 28843 адам, Ақайда – 4693 адам, Төретамда – 8612 адам.

Анықтама: ауруханада 598 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 88 дәрігер, 323 медбике, 85 санитар, 102 әкімшілік қызметкерлер жұмыс жасайды.

Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының құрылымдық бөлімшелеріне келсек: Төретам ауылдық емханасы (10 төсектік күндізгі стационар), Төретам ауылдық ауруханасы (25 төсектік күндізгі стационар, Ақай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы (5 төсектік күндізгі стационар) жұмыс істейді.

Аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, қазақстандық азаматтарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.

Қалада гемодиализ орталығының қызметіне жүгінітен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, жеке кәсіпкермен келіссөздер нәтижесінде, Байқоңыр қаласындағы көп бейінді ауруханасында 2023 жылдың желтоқсан айында гемодиализ орталығы ашылды.

Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында көпқабатты 351 үй бар (оның ішінде 9 үй тоғыз қабатты).

Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен2019 жылы Байқоңыр қаласында 30 жылда алғаш рет " Нұрлыжер "бағдарламасы аясында бес 50 пәтерлі тұрғын үй салынды және бүгінде барлық пәтерлер қала тұрғындары, Қазақстан азаматтары арасында бөлінді. Жаңа 7 «А» мөлтек ауданы құрылды.

2021 жылдан бастап Байқоңыр қаласының 7 «А» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елу пәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жобаның  жалпы құны – 3,7 млрд. теңге.

Тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 15 372,6 шаршы метр.

Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы екі жақты келісімге сәйкес бұл желілер жалға алынып, облыстық коммуналдық меншікке берілді. "Байқоңыр қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және жаңғырту" жобасы аясында. 1 кезең. 1 кезек 11,4 км кәріз желілері қайта жаңартылды (жобаның құны-896,7 млн. теңге). Аталған жұмыстарды жалғастыру үшін 2024 жылға 500 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы тұрғын ұй қоры мен инфрақұрылым жүйелеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Тиісті жұмыс тобы құрылып Байқоңыр қаласы әкімшілігімен бірлескен инфрақұрылым жүйелеріне тексеру жүргізілді.

"Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісімге сәйкес қалада барлық көппәтерлі тұрғын үйлерді (351 үй) газдандыру жүргізілді. Бұл өз кезегінде табиғи газдың қолданыстағы тарифін 16 есеге төмендетіп, облыс бойынша қолданыстағы көрсеткішпен теңестірді. Қаланың газбен жабдықтаушы ұйымы "QazaqGaz Aimaq" АҚ бөлімі болып табылады, халық үшін табиғи газ тарифі - 16,3 тг/м3, кәсіпорын үшін - 18,3 тг/м3 құрайды.

Байқоңыр қаласының жылу электр станциясы қымбат мазутта жұмыс істейді, бұл тарифтерге әсер етеді. Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Байконырэнерго" өндірістік-энергетикалық бірлестігі жылу электр станциясын мазуттың негізгі отынынан табиғи газға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде. Жылу электр станциясын газдандыру бойынша барлық жұмыстар кешенін 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.

ЖЭС-ті табиғи газға ауыстыру қала мен ғарыш айлағын ЖЭС-те өндірілген арзан жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені ыстық су өндіру және табиғи газды пайдалану арқылы жылумен жабдықтау құны мазутты пайдаланудан әлдеқайда арзан.

Қала жалға беру жағдайында жұмыс жасайтын болғандықтан, ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мәселесіне аса мән берілуде.

Өткен жылдың қазан айынан бастап қаламызда  «Қызылорда» телеарнасының корреспонденттік пунктіні ашылды. Ендігі кезекте әріптестеріңіз Байқоңыр қаласындағы маңызды оқиғалар мен өткізіліп жатқан іс-шараларды облыс көлемінде насихаттайтын болады.

Бұдан бөлек, қалада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.

Облыс әкімі мен Байқоңыр қаласы Әкімшілігі басшысымен «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Кешенді жоспар аясында жыл  көлемінде бірлескен мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, тұрақты түрде облыс жастарын зымыран ұшырылымына және ғарыш айлағына экскурсияға әкелу, Байқоңыр қаласы жастарын Қызылорда қаласына экскурсияға апару және тәжірибе аламасы бойынша ауқымды шаралар жүргізілуде.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мәселесінде ең басты жағымды жаңалығымыз, бұл Республика күніне орай қаланың бірқатар көшелеріне қазақтың ұлы тұлғаларының есімдерінің берілуі.

Бұдан былай қаладағы “Авиационный” көшесі даңқты әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының, “Гостиничный проезд” көшесі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың, “Внутриквартальный проезд” көшесі қазақтың тағы бір қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталады. Сондай-ақ Байқоңырдағы ұзын көшелердің бірі “Набережная”көшесі Қорқыт ата атындағы жағалау  болып өзгерді.

Жұлдызды қаладағы көшелерінің қазашалануы – тарихи оқиға. Жергілікті халық бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.  Бұл маңызды үрдіс одан әрі жалғасын табатын болады.

Қоғамдық құндылықтарды жаңарту және Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жағдайында ақпараттық материалдарды визуализациялауға үлкен мән беру қажет. Тарихи, саяси және әлеуметтік құндылықтарды білдіретін ақпаратқа, сондай-ақ жаңа Қазақстанның дамуы шеңберінде қазақстандық қоғамдағы өзгерістерге қол жеткізуді қамтамасыз ету орынды.

Халықты ҚР мемлекеттік саясатының негізгі аспектілері, алдағы маңызды оқиғалар туралы ақпараттандыру мақсатында облыс әкімдігі қала аумағында ақпараттық баннерлер орналастырды.Сонымен қатар, қалада қазақстандық барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелере жоғары деңгейде аталып өтуде.

Жыл басынан бастап қаламызда республикасылық және облыстық деңгейде бірнеше шаралар ұымдастырылды. Атап айтқанда. 12 сәуір  Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке күні Байқоңыр қаласында ғарыш саласының қызметкерлері, ардагерлері мен тұрғындарының қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Гагарин ескерткіші алдындағы салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімі орынбасары, Қазақстан Республикасы "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Николай Адасев, мекеме басшылары қатысты.    

Оған қатысушылар Юрий Алексеевич Гагарин мен ғалым-конструктор, КСРО Ғылым Академиясының академигі Сергей Павлович Королевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, мерекелік күн аясында Қ. Нұртай ғарыш айлағының №1 алаңында "Гагариннің басталуы" салтанатты іс-шарасында "кеңестік адамның ғарышқа батыл қадамы" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, ғарыш саласының қызметкерлерін құттықтады.

Сонымен қатар, Велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді. Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен Ресей Федерациясы спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру саласындағы екіжақты келісіміне сәйкес және 12 сәуір – Космонавтика күніне орай "Байқоңыр"кешенінде жастар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты жарияланды. Жарысқа көршілес Ресей, Қырғызстан және еліміздің түрлі өңірлерінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионаттың 1 кезеңі – жасөспірімдер арасында 50 км, арадагерлер арасында 40 км, әуесқойлар арасында 20 км топтық – айналмалы жарыс болды. 2 кезеңінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында өтті. Чемпионат 12-16 сәуір аралығында өтті, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

"Таза Қазақстан-Таза аймақ" республикалық экологиялық акциясы жалғасты. Акция 6 сәуір – 11 мамыр аралығында өтті.

6-13 сәуір аралығында "Таза өлке" апталығы бастау алған болатын. Әрбір ұжым бөлінге қала аумағындағы көшелер мен саябақтарда, демалыс орындарында тазалық жұмыстарын жүргізді.

14-20 сәуір «Киелі мекен» апталығында Байқоңыр қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық жұмыстары барысында ескерткіштің аумағын ретке келтіру, ақтау-сылау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 21-27 сәуір «Жасыл аймақ», апталығында қаламызды көгалдандыру және көркейту мақсатында ағаш отырғызылды. 28 сәуір – 4 мамыр «Өнегелі ұрпақ» апталығында Байқоңыр қалалық «Ардагерлер үйі» және ҰОС тыл ардагерлерінің ұй-жайларын тазалық жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер тарапы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. 5-11 мамыр аралығында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтті. Апталық аясында Сырдария өзенінің Байқоңыр қаласынан өтетін тұсы кұл-қоқыстан тазартылды. Бұл акцияны өткізу – қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып, табиғат байлығы – мөлдір бұлақ көздерін қорғай білу болып табылады. Өткен акцияға қаланың 3000 жуық мекеме ұжымдары қатысты,қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоқыс шығаруға өз үлестерін қосты.

«Байқоңыр» кешенінің кейбір жер учаскелерін жайылымдық жерлер үшін жалдан шығару. 61 мың га жуық жер учаскесін Қармақшы ауданы Төретам және Ақай елдімекендері тұрғындарына жайылымдық жерлер ретінде жалдан шығару пысықталуда.

Жер учаскелерінің шекараларын нақтылау, тірек нүктелерінің географиялық координаттарын анықтау, жер учаскелерінің шекараларында коммуникация элементтерінің болуын анықтау, тиісті актілерді рәсімдеу мақсатында тараптардың өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы жұмыстар жүргізуде. 

Тағы да оқыңыз: