Kyzylorda-news.kz  Жақында Байқоңыр қаласының әкімшілігінде Байқоңыр қаласында кәмелетке толмағандар мен жастардың құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Байқоңыр қаласының құқық қорғау органдарының үйлестіру Кеңесінің және Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңестің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, «Байқоңыр» кешенінде жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық әкімшіліктің, оған ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің басшылығы қатысты.

Бірлескен отырыса қалада ү.ж. қаңтар-сәуір айлары аралығында кәмелетке толмағандармен жасалған 1 қылмыс – бұзақылық тіркелгені атап өтілді.

Көрсетілген кезеңде Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімше инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 54 хаттама толтырылды, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты – 5; ата – аналарға қатысты – 29, хаттамалардың басым бөлігі ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамауына байланысты толтырылған. 30 сәуірдегі жағдай бойынша арнайы есепке 18 жасөспірім тіркелген.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық («Жасөспірім – Отбасы», «Сенің таңдауың») және рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Барлығы кәмелетке толмағандар жиналуы мүмкін 90 орынға 425 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепте тұрған барлық кәмелетке толмағандар мен отбасыларға тұрақты негізде тексеру жүргізілуде. Көрсетілген кезеңде ересектердің еріп жүруінсіз олардың түнгі уақытта болуына тыйым салуды бұзған 86 кәмелетке толмағандар анықталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындаы өкілдігімен, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасымен, профилактика жүйесінің басқа да органдары мен мекемелерімен, оның ішінде сынып жетекшілері мен педагог-психологтарды тарта отырып, кәмелетке толмағандармен бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылды. Оларды үйірмелер мен секцияларға, өзге де қызметке тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қолайсыз және аз қамтылған отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандардың жазғы демалысы бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша рейдтер жүргізілді.

Бірлескен отырыста облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қаладағы жастар қозғалысы қызметінің және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарының Байқоңыр қаласында қылмыстық топтар мен олардың көшбасшыларын жою жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижелерін оң бағалап, басшылардың назарын осы іс-шараларды жалғастыру қажеттігіне аударды. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Сырдария өзенінде балалардың болуына және шомылуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды пысықтау, қаламыздың барлық балаларының «Будущее Байконура» қалалық қозғалысына қатысуы мәселелерін талқылауға бастамашы болды. Сондай-ақ, Байқоңырлық балаларды елімізде орналасқан тынығу лагерьлеріне және басқа да демалыс орындарына жіберу мәселесі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылау нәтижелері бойынша бірлескен шешім қабылдады, онда жауапты орындаушыларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді және оларды орындау мерзімдері белгіленді.

Тағы да оқыңыз: