Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президентінің “Байқоңыр” кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы” мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сәйкес, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың ақпараттық-ресурстық орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі қызметі:
• ҮЕҰ үшін оқыту семинар-тренингтерін өткізу;
• консультациялық және заң қызметтерін көрсету;
• ҮЕҰ оргтехниканы жән еинтернетті пайдалануға беру;
• ҮЕҰ қызметіне қатысты түрлі мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін іс-шаралар мен кездесулер, тақырыптық семинарлар өткізу;
• кездесу алаңын ұсыну;
• мәдени-бұқаралық іс-шаралар, қайырымдылық акцияларын өткізу;
Ақпараттық-ресурстық орталыққа байланысты сұрақтарыңыз және ұсыныстарыңыз болған жағдайда, көрсетілген мекен-жай бойынша ақпарат алуларыңызға болады.
«ҮЕҰ-ды дамытудың ақпараттық-ресурстық орталығының» мекен-жайы: Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы №16, 143 кабинет.
Байланыс нөмірі: 8 (771) 201 49 78,
Жауапты маман: Төребек Дайрабаев
Жұмыс уақыты: 09:00-19:00


