Kyzylorda-news.kz  Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің фейсбук парақшасына “Үздік шебер – 2024” байқауының жеңімпаздары тиесілі қаржыны ала алмай жүргендігі туралы жазба жариялады.

– Осы жеңімпаздарға ақшалай сертификат, анау-мынау сыйлық деп қазір қолдарына қолақпандай жазуды ұстата салатын болды ғой. Ел көзінше ду қошаметке ие болған мұндай марапат шынында жеңімпазға жете ме? Басқа жақты қайдам, Түркістан облысында жетпей қалыпты. Алдарыңыздағы ісмер қыздың есімі Әйнел, жасы 17-де. Өңірлік шеберлер арасынан аяқ киім тоқудан үздік атанып, еңбегі жанып 1-ші орын иемденді. КММ “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен байқауда Облыстық қоғамдық даму басқармасы атынан Е.Бектаев Әйнелдің қолын алып, “Үздік шебер – 2024” атағы мен 400 теңгелік сертификат табыстайды. Ақшалай марапат ертең Каспийге түседі деп шегеледі, Алайда, содан бері 2 ай өтті, ақшадан хабар жоқ. Каспий әмиянын күнде тексеріп үздіккен қыздың ата-анасына ұйымдастырушыларға хабарласқан. “20 мың теңге береміз, қалғаны бізде қалады” деген. Ол 20 мыңның өзі жоқ?! Сонда байқау сыйақылары ел көзіне қомақты көріну үшін өтірік болғаны ма? Әлде, мекемеге бөлінген ақшаны жолдан біреу үп еткізді ме? Барлық жақта осы ма, әлде тек Түркістан ба екен? Өзі биыл мектеп бітіріп, ауылдағы ата-анама жүк салмайын, оқуға төлеймін деп қуанған 17 жасар қыздан ұят болды-ау❗️, – деді Гүлмира Әбіқай.

Фото: Гүлмира Әбіқайдың фейсбук парақшасынан

Тағы да оқыңыз: