Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне орай А. Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде ғашықтық жырлардан «Махаббат-мәңгі ертегі» атты қалалық байқау қаламыздың орта арнаулы оқу орындары арасында өткізілді. Мәдениет үйінің фойесінде «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермендерге кеңінен таныстырылды.
Байқау қыз бен жігіттің орындауындағы махаббат жайлы монологпен басталып, арнайы бейне баян көрсетілді.
Байқауды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов ашып, қатысушы жұптарға сәттілік тіледі.
Байқауға қаладағы орта арнаулы оқу орындарынан құрылған 6 жұп қатысып, бақ сынасты. Ереже бойынша байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушы әр жұп ғашықтық дастаннан үзінді оқыды, ал екінші кезеңде әр жұп кез келген ғашықтық дастандардан сахналық қойылым көрсетті.
Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. журналист, облыстық «Сыр бойы» газетінің арнаулы аға тілшісі Ғазиза Әбілда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Асыл Оразова, Қызылорда қалалық «Жастар» театры директорының орынбасары, әртіс Әл-Мұхаммед Алдажаров төрелік жасады.
Жастардың өнерін сараптай келе қазылар алқасы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжін бірінші орынға, екінші орынға, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі үшінші орынға лайықты деп тауып, жүлдегерлер дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушы топтарда назардан тыс қалмай «Орда» жоғары колледжі «Ең жарасымды жұп», «Қызылорда медициналық жоғары колледжі «Ең креативті жұп», М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Көрермен көзайымы» номинацияларын иеленіп, Алғыс хатпен қатар сыйлықтарға ие болды.
15 сәуір - «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған «Махаббат – мәңгі ертегі» атты қалалық байқау «Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа деген таза, мөлдір махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын! - деген ізгі тілекпен қорытындыланып, өз мәресіне жетті.
Ғашықтар күні мерекесіне арналған әсерлі кешті Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, талантты жас ақын Ақжол Түменбай жүргізді.
