Kyzylorda-news.kz Белгілі спортшы, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, халықаралық спорт шебері Бахтияр Артаев Қызылорда қаласындағы №380 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз дауысын берді.
Әйгілі боксшы өз сөзінде бұл саяси шараның мемлекет үшін тарихи маңызын айрықша атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қарсаңындағы үндеуінде бұл саяси науқанның ел болашағы үшін айрықша маңызын атап өтті. Құрылтай депутаттарын сайлау – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын жауапты кезең. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруге қатысып, өзінің конституциялық құқығы мен азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды. Науқанның заң талаптарына сай, жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету – баршамызға жүктелген ортақ міндет», - деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.
