Kyzylorda-news.kz  “AMANAT” партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде орналасқан азық-түлік дүкендеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында азық-түлік дүкендерінде тауарлардың сатылымдағы бағаларына сәйкес айырмашылықтарына мән беріліп, жіті бақыланды.

Кәсіпорын иелерімен де тілдесіп, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Сондай-ақ мониторингтік топ тарапынан тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік өнімдері бағаларын шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұру мақсатында мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: