Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету басты міндет. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық.

Осыған орай, Қармақшы ауданында ішкі нарыққа талдау жасалып, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары мен зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізіледі.

Иә, ауданда баға тұрақтылығы басты назарда. Көтерме базарға көкөніс пен жеміс-жидек көбінде алыс-жақын шетелдерден жеткізіледі. Сондай-ақ, олардың қатарын отандық өнімдер толықтыруда. 

Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі жұмысшы тобы мүшелері аудан орталығындағы сауда орындары мен дүкендердегі баға мен қажетті қордың болуына талдау жүргізілді. Жұмыс барысында жұмысшы топ мүшелері Жосалы кентіндегі «Алтын Орда», «Жібек Жолы», «Ұлар», «Сұлтан», «Рүстем» сауда үйлерін аралады.

Сауда объектілерін аралау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына сауда үстемесін негізсіз көтермеу, сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша шаралар қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары апта сайын жүргізілетін болады.

 

 

Тағы да оқыңыз: