Kyzylorda-news.kz. Елімізде маңыздылығы жағынан ет наннан кейін екінші тұратындықтан, халық еттің, дәмді, сапалы әрі қолжетімді болғанын қалайды. «Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» деген сөз бүгінгі күнге дәл айтылғандай. Ал оның бағасы қандай? Өзге өнімдердердің ше? Бұқараның қалтасына салмақ салмайды ма? Бағаны тұрақты түрде бақылап отыратын мамандар төмендегіше мәлімет берді.
Облыста белгіленген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түліктің бағасы бөлім тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына және аудан әкімдігіне күнделікті жүргізілген мониторинг жолданып отырады.
Ауданға азық-түліктің басым бөлігін (ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, өсімдік майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат) тағы басқа өнімдерді кәсіпкерлер сыртан тасымалдап әкеліп сатуда. Сол себепті бағаларда ауытқулар бар. Дегенмен азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлермен жеке сөйлесіліп, дүкендерде өнімдерге негізсіз баға өсірмеуі жөнінде айтылып, әкімшілік жауапкершілік қаралатындығы туралы ресми ескертпе хаттар берілуде.
«Жақсат» коммуналдық базарының жанынан «Әлеуметтік дүкені» ашып, аудан халқы қол жетімді бағада тұтынуына жұмыс жасалды. «Әлеуметтік дүкен» ішінде негізгі азық-түлік өнімдері мен ет сатуды үйлестіріп отыр. Әлеуметтік дүкеннен көп балалы, аз қамтылған отбасылары азық-түлік алуларына мүмкіндік жасалған.