maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында тиісті сала мамандарының қатысуымен баға тұрақтылығына мониторинг жүргізілді.

Осыған орай «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанындағы бақылау тобы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасы мен қорына мониторинг жұмыстарын ұйымдастырды. Бақылау тобы мүшелері бірқатар дүкендері, дәріханалары және жанармай құю станцияларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан тауарлар міндетті болуы және олардың бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігін түсіндірді.

Зерделеу тобы ең алдымен, аудан орталығындағы ірі сауда дүкендеріне барып, кәсіпкерлермен және ондағы тұтынушылармен пікірлесіп, бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне сатылымдағы өнімдерді шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады.

Осыған орай мониторинг жұмыстары барысында дәріханалардағы дәрілердің бағасы қаншалықты тұрақты және қолжетімді екені бақыланды. Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында кәсіп иелеріне белгіленген шектік бағадан асырған жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы туралы заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұнан соң мониторингтік топтың жұмысы дәірханалар мен жанармай бекеттерінде жалғасып, жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.

Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

Тағы да оқыңыз: