Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне жүргізген мониторинг нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 

Атап айтқанда, облыстағы жекелеген мемлекеттік білім беру ұйымдарының жарғыларына монополияға қарсы органның келісімінсіз қосымша қызмет түрлері енгізілгені белгілі болды. Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы тиісті нұсқамалар жолдады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жауапты мемлекеттік орган нұсқамаларды белгіленген мерзімде толық көлемде орындап, анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Департамент мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және бәсекелестікті қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.

Сурет:  freepik.com

Тағы да оқыңыз: