Kyzylorda-news.kz   Бүгін «Amanat» партиясының аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Марат Бакуов өзі сайланған Қалжан ахун ауылындағы бірқатар сауда нысандарындағы азық-түлік бағаларына мониторинг жұмыстарын жасады. 

Мониторинг жұмыстары барысында елді мекендегі «Ернұр», «Ақниет» және «Айнель» дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жасалып, бағалар шекті бағадан аспағандығы анықталды. Жалпы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өздері сайланған округтердегі баға тұрақтылығына ұдайы назарда ұстап келеді.
– Жалпы халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан елеулі жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде жетекші партия тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын ұдайы назарда ұстау – күн тәртібінен түспейді. Біз бүгін Қалжан ахун ауылындағы бірқатар дүкендерді аралап, баға тұрақтылығын басты назарға алынды. Бұл ретте, сауда дүкендерінің иелеріне  негізсіз бағаны көтеруге болмайтындығын ескерттік. Сонымен қатар азық түлік өнімдерінің сапасына мән беру керектігі айтылды, – дейді мәслихат депутаты.
Мұндай іс-шаралар жетекші пария тарапынан алдағы уақытта тұрақты жалғасын табатын болады. 
 

Тағы да оқыңыз: