Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Түсіндірме жұмысы кезінде Сырдария ауданы бойынша дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, мониторинг және өндіруші немесе көтерме бағаға қойылатын үстемақыларының 15 пайыздан асырмау қажеттігі жөнінде және үстемақы асқан жағдайда айыппұл салынатындығы жөнінде айтылды.

Одан бөлек тағы қосымша ретінде  Сырдария ауданы бойынша кірістер басқармасының маманы сатып алушы тауардың құнын төлеген соң, Салық кодексімен айқындалған тәртіпте бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін талап етуге құқылы екендігін және сатушы бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін беруге міндетті екендігі жөнінде түсіндіріп өтті.

Тиісті сала мамандары баға тұрақтандыру бойынша жоспарға сәйкес бақылау жұмыстарын үнемі қадағалап, басты назарында ұстап келеді. Аталған жұмыстар бойынша алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, азық-түлік қоры мен бағаларын қатаң бақылауда болып, тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыратын болады. Қорытындылай келе, бүгінгі нарық заманында баға тұрақтылығы – басты назарда болуы тиіс.

Тағы да оқыңыз: