Kyzylorda-news.kz. Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Асылзат Сағымбай әйелдер күресінен сынға түсіп, 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді.

А.Сағымбай 2000 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. ҚР спорт шебері, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында және ересектер арасында Қазақстан чемпионы. Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі.

№1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.
Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Асылзатты білікті бапкер Жандос Бөрібеков жаттықтырады.

Айта кетейік, Азия чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали чемпион атанды. Ертең еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Ғалымжан Өсербаевтар (79 келі) өнер көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: