Kyzylorda-news.kz. Бокстан Азия чемпионатында қазақстандық тағы төрт спортшы жарысты жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін шаршы алаңға ел құрамасы сапынан бес боксшы шыққан болатын. Олардың арасынан төртеуі жартылай финалға жолдама алды.

Алдымен Сәкен Бибосынов (52 келі) Шри-Ланка елінен келген Ласинду Эранданың осал тұсын тапты. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің өкілі Хусейн Аль-Кандариді Қазақстандық тағы бір боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) үндістандық Ашиш Кумардан басым түссе, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) үндістандық Нарендерден мықты екенін көрсетті.

Құрлықтық додада 81 келіде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ирандық Мейсам Гешлагиге есе жіберіп қойды.

Тағы да оқыңыз: