Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өңірдегі квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерімен түрлі форматтағы кездесулер жүргізілуде.
Осы орайда, өңірлік Антикордың бас маманы Ж.Қозбағарова «Азаматтарға арналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге аталған филиал директорының орынбасары А.Серекеев пен Ішкі қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті тұлғасы Т.Алтаев қатысты.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жолдарын түсіндіру, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпарат беру.
Ж.Қозбағарова мекеме қызметкерлеріне «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі ережелері мен талаптары, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтер қызметінің бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары туралы баяндады.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардан туындаған сауалдарға жауап берілді.