Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 47 жыл ұстаздық еткен кісі келді. Абайтанушы ретінде осы уақытқа дейін 12 кітап, 5 том жазған шығармашылық еңбектері барын айттып тағы да басып шығаратын кітаптарына қаржылай қолдау көрсетуді сұрады. Келесі Шаған ауылынан келген азамат 1941 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған нағашы ағасы туралы ақпаратты Тереңөзек кентіндегі Батырлар аллеясына орналастыруға ықпал етуді сұрады.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы ұсиаздың Абайтанушы ретінде еңбектері қоғамға, өскелең ұрпаққа қажетті, құнды екенін атап өтіп, мүмкіндігінше көмек көрсетілуіне ықпал ететінін жеткізсе, соғыс ардагеріне қатысты өтініш иесіне батыр баба ерлігін ұлықтау бағытында тиісті жұмыстар істелетіндігін айтты.

Тағы да оқыңыз: