Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы Ф.Т. Иманалиев пен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Д.И. Абдалиев қатысты.
Семинар-кеңесте ағымдағы жылдың 10 айында облыс әкімдігіне, облыстық басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімдеріне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары сараланды.
Кездесу барысында өтініштерді қарау кезінде заңдылық талаптарын сақтау, оларды белгіленген мерзімде әрі сапалы қарау, әрбір өтініш бойынша объективті шешім қабылдау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерге назар аударып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
