Kyzylorda-news.kz.  Партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаев және партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Ержан Искендір «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық Бақылау Комитетінің 01.12.2023 жылғы №005-9 қаулысы тармақтарын орындау мақсатында партияның облыстық және қалалық филиалдарында азаматтардың өтініштерін қарау жұмысының ұйымдастырылуы бойынша қабылдау бөлмелері жұмысына тексеру жүргізді.

Мониторинг барысында қабылдау бөлмелерінде 2023 жылға бекітілген кестелерге сәйкес барлық қабылдаулар толығымен өткізілгені анықталды.

Жалпы атап өтейік жыл ішінде әкімдер және олардың орынбасарларының қатысуымен өткізілген 614 қабылдауларда 323 өтініш түсіп, олардың 219 оң шешімін тапса, 104-не түсіндірме берілген. Жергілікті және аумақтық атқарушы органдар басшыларымен өткізілген 235 қабылдауда 702 өтініш түсіп, олардың 485 оң шешілді.

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихат депутаттарының-фракция мүшелерінің қатысуымен жыл басынан бері 483 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1523 тұрғынның 1154 өтініші мен ұсынысы бойынша оң шешімге қол жеткізілді, 364 мәселе бойынша қолданыстағы заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар партия филиалдарының ұйымдастыруымен өткізілген 16 мобильді қабылдауға түрлі деңгейдегі депутаттар қатысып, қаралған 184 мәселенің 78-і бойынша оң шешімге қол жеткізілді. Жалпы, пайыздық көрсеткіш бойынша оң шешілген өтініштер саны 70,8 пайызды құрап отыр.

«АМАNАТ» партиясының қоғамдық қабылдау Регламенті талаптарының сақталуы филиалдар басшылығы мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жіті бақылауында.

Тағы да оқыңыз: