Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов  тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі коммуналдық қызмет алу, жер алу тәртібі және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

Аким Кызылорды провел личным прием граждан.jpg

Қала әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Негізі қабылдауда көтерілген өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Осы жолы да әрбір келушіні толғандырған түйткілге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Кейбір мәселе бойынша орындалу мерзімі белгіленді.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы жазылуға немесе қала әкімдігіне жазбаша өтініш беру арқылы тіркелуге болады.

Аким Кызылорды провел личным прием граждан2.jpg

Тағы да оқыңыз: