Kyzylorda-news.kz Кеше партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келуші азаматтар денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметіне қатысты шағымын білдірді.
Мәселен алғаш келген қала тұрғыны денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлік көмектің еш нәтижесі жоқтығын, қайтадан емдеу шараларының болмауына шағымданып, жүйелі түрде ем шараларын алуына ықпал етуді сұрады.
Төраға тұрғынның өтініш бойынша денсаулық сақтау басқармасына қолдау көрсету жөнінде ұсыныс берілетіндігін жеткізді.
Келесі азамат жеке мақсатта алынған несиелерін төлеуге өзінің қабілетісіз екенін айтып, осы мәселені шешу заңдылықтары бойынша көмек сұрады.
Филиал төрағасы азаматқа партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсат - міндетін түсіндіріп, мәселені жобасының облыстағы өкілімен бірге заң аясында шешуге ықпал ететіндігін айтты.
Қабылдауға келген азаматтардың барылығының өтінішін партияның облыстық филиалының төрағасы мұқият тыңдап, қолдау көрсету бойынша жұмыс жасалатындығын жеткізді.
