Kyzylorda-news.kz Партия алаңында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бекболат Шәріпбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты, мүгедектікке шығу заңдылықтары мен зейнеткерлікке жұмыс өтілінің есептелуі жайында мәселелер көтерді.

Департамент басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме жүргізіп, құзырлы органдар арқылы мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: