Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың әрбір мәселесі жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар көтерілген мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу бағытында жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
