Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

Қабылдауға келушілер әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарына қатысты ұсыныстарын білдіріп, партияның «Кедергісіз келешек» добасы аясында бірлескен бақылау жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Нұркен Бақытбекұлы қабылдауға қатысқан тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, көмек көрсету мүмкіндігі қаралатынын жеткізді. Партиялық бақылау комиссиясының қатысуымен құрылыс нысандарына жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта қабылдау барысында аталған нысандардың жұмысы да бақылауға алынатыны түсіндірілді. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып, Жолдаудың негізгі бағыттары ақпаратпен бөлісті. 

Тағы да оқыңыз: