Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен “Ауызашар қоржыны” қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасыға алғашқы қоржындар жеткізілді.

Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шарада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары азық-түлік өнімдері салынған рамазан қоржындарын өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға тарту етіп, қасиетті айда қуаныш сыйлады.

Бауырмалдылық пен бірлікке үндейтін берекелі айдағы сауапты шараның басты демеушілері – қаламыздағы “Ескі базар” және “Жаңа базар” сауда орталықтарының кәсіпкер азаматтары.

Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде “Ауызашар қоржыны” атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын.

Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асыралатын болады.

Тағы да оқыңыз: