Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 10 қазан күні Сырдария және Шиелі ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Сырдария ауданының ұйымдастыратын жәрмеңкесі Жанқожа батыр көшесінің бойында (Реалбаза алды) орналасады. Ал Шиелі ауданының ауыл шаруашылық өнімдері Тасбөгет кентінің орталық алаңында сатылады.
