Kyzylorda-news.kz. “Ауыл” партиясының Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар “Ауылдан ауылға” акциясы аясында Арал ауданындағы “Арал Балық” зауытына барды. Үгіт-насихат тобында Зейін Әліпбек, С.Өмірзақов және Б.Сандыбаев болды.⠀

Үміткерлер саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы жөнінде әңгімелеп, зауыт ұжымына балық шаруашылығы туралы және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту мәселелеріне қатысты партия бастамаларын алға тартты.

Кәсіпорын қызметкерлерін тыңдаған «ауылдықтар», браконьерліктен және балық аулауға мемлекет белгілеген лимиттерден басқа, экономика және табиғи ресурстарды қорғау тұрғысынан балық өсіруде анау айтқан проблемалар жоқ дегенмен тауарлы балық шаруашылығында жағдай сәл өзгеше. Оның әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр. Құс шаруашылығымен салыстырғанда, бұл бағытта балық өсірудің өнімділігі мен тез өсуі жақсы көрсеткіштерге ие.

Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениетінің дамымағандығынан балықты ішкі нарықта өткізу бойынша қиындықтар сала дамуына кедергі келтіріп отыр.

Тағы да оқыңыз: