Kyzylorda-news.kz. Алдағы уақытта педагог мамандарға сұраныс артып, мұғалімдердің жалақысы екі есе көбейеді.

Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы екі есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы бір жарым есе көбейіп, алдағы 5 жыл ішінде білім гранттары 50 процентке артатынын да педагогтар құптап отыр. Партия құрылтайына онлайн форматта қатысқан қызылордалықтар сондай-ақ ел аумағында жаңадан 800 мектеп салынып, апатты және үш ауысыммен оқытатын білім ошақтарының мәселесі толық шешілетініне қуанышты. Бұл ретте алдымен ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінбек. Сонымен қатар жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген, заманауи зерттеу университеттерінің ашылуы сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді дейді ағартушы құрам өкілдері.  

“Назарбаев университеті іспеттес 2 өңірлік зерттеу университеті ашылады деген ұсыныс біз үшін алға ұмтылуға яғни университетті ғылыми-зерттеу бағытында жұмыс жасауға үлкен серпін береді деп есептеймін”, – дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

24 kz

Тағы да оқыңыз: