Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық орталық стадион «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өтуде.

Мердігер мекеме «Астана сервис LTD» ЖШС-нің жүргізуімен күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде бастау алған.

Стадионның күрделі жөндеу жұмыстарына 14 жұмысшы тартылған олардың 7-уі жергілікті тұрғындар.

Бүгінде стадион алаңының бордюрлары қойылып, малта тасы төселуде. Жасанды төсеніштері де құрылыс алаңына жеткізілген. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2021 жылдың 30 қарашасына дейін жоспарлануда.
Жалпы, Сырдария ауданында спортпен шұғылданушыларға әр түрлі деңгейдегі 130 нысан қызмет көрсетуде. Аудан бойынша дене шынықтыру мұғалімі және оқытушы-жаттықтырушылар саны – 230, оның 199-ы жоғарғы білімді, 30-ы арнаулы орта білімді мамандар. 574 дене шынықтыру және спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Аудан бойынша оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 11729 спортшы жүйелі спортпен айналысуда. Бұл аудан тұрғындарының 31 пайызын құрап отыр.

Тағы да оқыңыз: