Kyzylorda-news.kz. Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды.

13 ақпан күні сағат 12:00-де қар, жел, боран, жолдың көрінбеуіне байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Атап айтқанда Ақмола облысы бойынша:

1. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске;

2. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске Қарағанды облысы бойынша:

1. «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске.

2. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар жабылды.

Тағы да оқыңыз: