Kyzylorda-news.kz. 26 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Кей жерлерде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м / с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысында түнде және таңертең кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с жетеді. Шымкентте 26 наурызда түнде және таңертең қатты жаңбыр, кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші түнде 15-20 м/с жетеді, Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
