Kyzylorda-news.kz. Бірнеше облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Шымкентте кей уақытта тұман болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қаласында 10 ақпанда түнде көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: