Ауа райы: Қызылордада жел күшейіп, найзағай ойнайды – Kyzylorda News
Басты бет

Ауа райы: Қызылордада жел күшейіп, найзағай ойнайды

27.04.2020, 9:00

669 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 27-29 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел шығыстан батысқа, солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20, 28 сәуірде екпіні 23 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.