Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауы бойынша сәуірдің 11-і күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді.

Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі. Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.

Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: