Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады.

Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде – кей жерлерде, күндіз – облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: