Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.
«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз, 9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі.
Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді.