Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

“Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. 

Ал, Қызылорда қаласының өзінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Тағы да оқыңыз: