Kyzylorda-news.kz Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде автомобиль жолдарының сапасы мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3545 шақырым, оның 1024,5 шақырымының республикалық, 555 шақырымының облыстық, 1965,5 шақырымының аудандық маңызы бар.

Өткен жылы 44 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлініп, өңіріміздегі 300 шақырымнан астам жолдар мен көпір өткелдері жөнделді. Нәтижесінде облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92,5 пайызға жетті.

Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен 42 млрд. 142 млн. теңге қаралып, 320 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстардың қорытындысы индикаторлық көрсеткішті 95 пайызға жеткізбек.

"Жол активтері сапасы" ұлттық орталығының қызметіне биыл 123 млн. теңге бағытталып, құрылыс сапасы 100 пайыз сараптамамен қамтылды. Аспаптық және зертханалық тексеру жүргізу барысында 1201 сынама алынып тексерілді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: