Kyzylorda-news.kz. 22 қыркүйек – дүниежүзілік бір күндік автокөліктен бас тарту күні. Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы халықты жаяу жүруге шақырады.

Қазір жаһанда техника саласы қарыштап дамып тұр. Тіпті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Күнімізді онсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен Сіз алысты жақындадып, жұмысыңызды жеделдетуге мүмкіндік берген көлігіңізден бір күнге бас тарта аласыз ба? Мұндай бастама 1998 жылы Франциядан бастау алған. Содан бері әлемдік табиғат қорғаушылар тарапынан  қолдау тауып, дүние жүзі халықы бұл күнді «Автокөліксіз бір күн» мерекесі есебінде атап өтуде.
      Жаны жылқы малына жақын қазақ халқына бұл мереке жат емес. Ертеректе ата-бабамыз ат баптап, мініске жаратқан. Ал түйе көпшелі халықтың кәдесіне жараған. Демек, бүгін де осы үрдісті ұстанып, бір күн қала көшелерін салт атпен шарлап шықсаңыз  сіздің де табиғат қорғауға қосқан үлесіңіз болары анық. Темір тұлпардан бір күнге қол үзу үлкен қалалардағы кептелісті азайтады. Сонымен қатар, ғалымдар оның ауаға тарайтын қауіпті микробөлшектердің азаюына сеп болатындығын алға тартуда. Көлікті жылқыға немесе велосипедке алмастыру, жаяу жүру денсаулыққа да пайдалы екендігі даусыз.

Тағы да оқыңыз: