Kyzylorda-news.kz Қазақстан Респбликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығына сәйкес, көктемгі кезеңде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар KAZ06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырым аралығы, KAZ14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-24 шақырымы аралығына 2026 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында уақытша әрбір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу еңгізіледі, – деп хабарлайды «КАЖсервис» ЖШС, «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақ Қызылорда облыстық филиалдары.
Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын, азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.
