Kyzylorda-news.kz "Аманат" партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты "Авангард" бастауыш ұйымы алаңында өткен көшпелі қабылдауға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Болат Сыздық, партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, облыстық мәслихат депутаты, «Авангард» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дәулет Жұмбеков, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Қалмырза Қасымов және түрлі сала басшылары қатысып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан:

  • қайтарымсыз несие алу;
  • электр бағаналарын жаңарту;
  • көпір мәселесі;
  • ауылдағы ыза су;
  • тұрақты жұмысқа орналасу;
  • көше жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді сауалдар жолданды.

Азаматтар тарапынан жолданған сауалдарға партия және жауапты сала өкілдері заң аясында жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, партияның аудандық филиалы азаматтардың сауалдарын, талап-тілектерін білу мақсатында ауылдық округтерде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Бүгінгі өткізілген қабылдау жұмыстары фракция мүшелерінің бастауыш ұйымдарда есеп беру жұмыстары аясында ұйымдастырылып отыр.

Атап өтейік, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Дәулет Жұмбеков аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Болат Сыздық және Дихан Әубәкіровпен бірге "Тартоғай" бастауыш партия ұйымында дәл осылай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Көшпелі қабылдау 2.jpg

Тағы да оқыңыз: