Kyzylorda-news.kz Аймақ басшысының қолдауымен  инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жемісті жүзеге асуда. Ауқымды істің бірі – «Қызылорда қаласының орталық бөлігінде су құбыры желілерінің құрылысы» жобасы. Онда 47 шақырымнан астам су құбырларын жаңғырту қаралып,  тиісті қаражаты бөлінді.  Ендігі жерде бас мердігер «Бақ-Береке 2030» ЖШС  қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, жалпы жүйенің сенімділігін арттыруға жауапты. 

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов жұмыстың барысын бақылап, мердігер компанияға бірқатар талап қойды. Оның ішінде, су құбырларын жаңғырту барысында асфальт жабындысын бұзбай, құрылыс стандарттарын сақтау қажеттігін қатаң ескертті. Сондай-ақ, жобаны сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: